Порттық қызметтер

Ақтау порты-әртүрлі құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін халықаралық тасымалдауға, сондай-ақ жүк-жолаушылар паромдарына қызмет көрсетуге арналған Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан.
Портта көліктің бірнеше түрінің көлік тораптары жұмыс істейді:
теміржол, автомобиль, су және құбыр.
Ақтау порты жүктердің, оның ішінде ауыр салмақтылардың сенімді сақталуын қамтамасыз ететін ашық қойма алаңдары (79700 м2) және жабық транзиттік қоймасы (2000 м2) бар заманауи көп мақсатты терминал болып табылады. Портта мемлекеттік шекара режимінің сақталуын, жүктердің кедендік ресімделуін, санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен мекемелер жұмыс істейді.